Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Талдықорған -Үшарал жолының қақ ортасынан бөлініп, екі жағында автокөліктер тұрған видеолар тарады деп хабарлады turkystan.kz.

Кеше қатты жауған жаңбырдан кейін ағынды су жаңадан салынып жатқан Талдықорған – Үшарал жолын шайып кеткен.

«Жансүгіров пен Сарқанның ортасы. Жол жоқ өтетін. Қаншама көлік тұрмыз», – деді видео авторы.

«22 мамыр күні сағат 16:45-те хабарлама түсті. Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар жолдың 395-шақырымындағы Еңбек ауылының тұсында қалың жауын-шашын суы көпірді шайып кеткен. Құбыр тәрізді көпірдің диаметрі – 3,5 м, тереңдігі – 3 метр. Матай-Лепсі ауылдары арқылы айналма жол бар», – делінген Ақсу ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button