БҚО-да үстіне теледидар құлап кеткен бала есін жиды

БҚО-да үстіне теледидар құлап кеткен бала есін жиды

БҚО-да үстіне теледидар құлап кеткен бала есін жиды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысындағы ауруханалардың бірінде үстіне теледидар құлап кеткен екі жасар қыз есін жиды деп хабарлады turkystan.kz. аймақтың Денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәлімдеге сілтеме жасап. Оқиға Бәйтерек ауданы Переметное ауылында болған. Бастапқыда баланың жағдайы ауыр деп бағаланған. Педиатр мен хирургтің қарауынан кейін ауырсынуды басатын дәрі салынып, санитарлық авиация шақырылған. Кейін педиатрдың қадағалауымен реанимобильмен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қыз ауруханада анасымен бірге жатыр. Айта кетсек, бұған дейін 2020 жылы туған қыз баланың үстіне теледидар құлап кеткені туралы хабарланған еді.