1 млн теңге: алимент төлемеген әке көлігінен айырылды

1 млн теңге: алимент төлемеген әке көлігінен айырылды

1 млн теңге: алимент төлемеген әке көлігінен айырылды
ашық дереккөзі
Алимент төлемеген Алматы тұрғынынан Chevrolet көлігі тартып алынды, деп хабарлады turkystan.kz. Балаларына бір миллионнан аса теңге қарыз ер адам міндетін қасақана орындамағаны үшін көптен іздеуде болған.
«Chevrolet көлігі тізгініндегі ер адам алимент бойынша үлкен қарызы үшін іздеуде болған. Ұстау кезінде ер адам полиция мен сот орындаушыларына қандай да бір құжаттарды көрсетуден бас тартты», – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Көлік айып тұрағына қойылды.