Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын нокаутпен жеңіп алды

ашық дереккөзі

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын нокаутпен жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атағы үшін кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz.

Жәнібек Лас-Вегаста (АҚШ) британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы шықты. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Жәнібек екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-ші жеңісіне қол жеткізді және кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды. Британиялық боксшы үшін, бұл - кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс.

Айта кетсек, WBO нұсқасы бойынша нағыз әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).