Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл

Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл

Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл. Айтулы датаға орай Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суретін жариялады деп хабарлады turkystan.kz «БОРТ №1» Telegram каналына сілтеме жасап. Сурет 1992 жылы 22 мамырда Парижде ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейін түсірілген.  width= Айта кетсек, ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын. Бүгінде Қазақстандағы бірқатар нысан ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген. Мәдени нысандар: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл; Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл; Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл. Табиғи нысандар: Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл; Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.