Шымкенттегі жарылыс: 18 күн бұрын дүниеге келген нәресте де шетінеп кетті

Түркістан облыстық қоғамдық Денсаулық басқармасының мәліметінше, бүгін Шымкенттегі жойқын жарылыстан 18 күн бұрын ғана дүниеге келген және үшемнің бірі болған сәби қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.

Сондай-ақ жарылыс кезінде №1 перинаталдық орталықта екі жүзден аса адам болғаны белгілі болды.

«Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықта жарылыс кезінде 189 пациент пен 65 қызметкер болған. Жарылыс салдарынан орталықтың күзетшісі және 1 нәресте көз жұмды. Шетінеген сәби 18 күн бұрын туған. Тағы 8 адам зардап шегіп, қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Атап айтқанда, облыстық клиникалық ауруханаға, қалалық №1 және №2 ауруханаға жатқызылды», – делінген басқарма хабарламасында.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Өмірзақ Шөкеев тиісті органдарға қайтыс болған күзетшінің отбасына материалдық көмек беру, яғни жерлеу рәсімінің шығынын толық көтеруді тапсырды.

Айта кетсек, бұған дейін Шымкенттегі перинаталдық орталықтың қасындағы дәрі сақтайтын екі қабатты ғимаратта жарылыс болғанын хабарладық. Перзентхана ғимараты мен тұрғын үйге зақым келіп, ондағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Тағы оқи отырыңыз: Шымкенттегі перзентхана жанында жарылыс болып, 1 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button