Орталық референдум комиссиясының төрағасы Олег Кулебамен кездесті

21 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД байқаушылар Миссиясы Штабының басшысы Олег Кулебамен кездесті.

Кездесуге Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман, ТМД байқаушылар Миссиясы Штабының мүшелері Денис Варганов пен Павел Юркевич қатысты.

Кездесу барысында ТМД байқаушылар Миссиясы Штабының мүшелері 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

Өз кезегінде ТМД байқаушылары миссияны ТМД Атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Леонид Анфимов басқаратынын, сондай-ақ Миссия қызметі халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатынын атап өтті.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының байқаушылары Қазақстанда он бесінші рет байқауды жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button