Ақтөбеде найзағай түсіп, жасөспірім қайтыс болды

Ақтөбе облысында ер адам мен жасөспірімге найзағай түсіп, салдарынан біреуі қаза болды деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 20 мамырда кешкісін Белогорка ауылында болған.

«Найзағай 27 жастағы ер адам мен 15 жастағы балаға түскен. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Ал ер адам жедел медициналық жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы қалыпты», – делінген хабарламада.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін еске салды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button