Әлихан Смайылов қандай сүт ішетінін айтты (ВИДЕО)

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында ұйымдастырылған қазақстандық өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Onim көрмесін тамашалауға барған Премьер-министр Әлихан Смайылов блогер Лодочниковтың қойған сұрағына жауап берді деп жазды turkystan.kz.

Интернетте жарияланған видео авторы сауалын Үкімет басшысының көңіл күйін сұраудан бастаған. Блогер мардымды жауап алған соң Әлихан Асханұлының күнделікті өмірде қандай сүт өнімін ішетінін сұрады.

«Күнделікті майлылығы 2,5%, 1,5%  болатын сүт ішеміз. Атап айтқанда, өзіміздің елде шығарылатын «Родина», «Dep», «Зенчинко и К» секілді өнімдер ғой. Өндірушілеріміз нарықта не сатады, соны аламыз», – деді Үкімет басшысы.

Айта кетсек, көрмедегі отандық өнімдермен танысуға ниеттенген барша жандар Тәуелсіздік сарайына 22 мамырға дейін бара алады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button