«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы қайта берілуі мүмкін

21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Осы ретте Президент мәдениет саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz.

«Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев туиттер-парақшасында.

Сондай-ақ Президент тиісті министрлікке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бергені жайлы жазды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button