Жаңалықтар

Депутат: Референдум - әділетті Қазақстан құру туралы саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты

ашық дереккөзі

Депутат: Референдум - әділетті Қазақстан құру туралы саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты

Мәжіліс депутаттары - Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қайнар Абасов және Сырым Ертаев өңірлерге сапар аясында Түркістан облысына барды.

Онда депутаттар жергілікті тұрғындарға конституциялық түзетулерді түсіндіріп, референдумға қатысуға шақырды.

Кездесуде ауыл тұрғындары белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алысты. Солардың бірі Түлкібас кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тоғысбаев бірқатар ұсыныс айтып, жаңа өзгерістерге көңілі толатынын жеткізді.

«Осыған дейінгі қолданыстағы заңдағы 98 баптың 33-іне өзгеріс енгізу жөніндегі мәтіндермен түгел танысып шықтым. Әрине, өте құптарлық мәселе. Себебі, біз болашақта Жаңа Қазақстан үшін әділдік пен ашықтықты және демократиялық реформаларды қолдауымыз керек. Ол үшін алда өтетін бүкіл халықтық референдумға барлық азаматтарды, әсіресе, жастарға өздерінің болашақтары үшін келіп дауыс беруге шақырамын», – деді ауыл ақсақалы.