Референдум: «АМANAT» партиясы Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті

Референдум: «АМANAT» партиясы Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті

Референдум: «АМANAT» партиясы Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөзі
Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қонаев қаласында партия активімен, зиялы қауым өкілдерімен, БПҰ мүшелерімен, қалалық су электр стансасы ұжымымен және тағы да басқа бірқатар кездесу өткізіп, алдағы жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын талқылады.
Зиялы қауыммен кездесуде Атқарушы хатшы жаңа облыстар құрылғаннан кейін Қонаев қаласы Алматы облысының әкімшілік орталығы ретінде осы өңірдің дамуына қосымша серпін беретінін атап өтті.«Қонаев қаласының тұрғындары – Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздегі ауқымды өзгерістерді қызу қолдаған алғашқылардың бірі. Енді саяси реформалар бағытын толық жүзеге асыру үшін «Екінші Республиканың» саяси іргетасы болатын конституциялық реформа жүргізу ұсынылып отыр. Еліміз демократиялық қағидаттарды толығымен ұстанады. Бұған Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың жаппай дауыс беруі арқылы енгізілетіндігі дәлел бола алады. Біз қала тұрғындары да оған белсенді қатысатынына сенімдіміз», - деді Асхат Оралов.
Өз кезегінде, Іле ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Ерболат Тұрымбетов облыс және қаладағы зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мәдениет және спорт қайраткерлері дауыс беруге шығарылатын түзетулердің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жатқанын хабарлады.
«Референдум – бұл халқымыз үшін сынақ іспетті. Кездесулер барысында халықтың бұл бастаманы жоғары бағалайтынын және дауыс беруге қатысуға дайын екендігін көреміз. Өйткені елдегі кез келген өзгеріс, түптеп келгенде, Ата Заңға байланысты екені белгілі», - деп атап өтті Ерболат Тұрымбетов.
Партия активінің жиыны барысында Асхат Оралов аманаттықтар Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі және елдің ең ірі саяси күші бола отырып, барлық өзгерістің алдыңғы шебінде болуға тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, партия да бүкіл еліміз сияқты, трансформация процесін бастан өткеруде және қазір қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар бағыты төңірегінде топтасуы маңызды. Қалалық су электр стансасының ұжымымен жүздесу барысында да  алдағы өзгерістер жайы талқыланды. Кездесуге қатысушылар жалпыхалықтық референдум өткізуді қолдап, дауыс беру күні қала тұрғындары жоғары белсенділік танытатынына сенім білдірді. Партияның Алматы облыстық филиалында «AMANAT»-тың 90 мыңнан астам мүшесі және 307 бастауыш партия ұйымы бар.