Әйелдердің зейнет жасы төмендетіледі ме? - Министр жауап берді
Әйелдердің зейнет жасы төмендетіледі ме? - Министр жауап берді
2022 жылдың соңына дейін әлеуметтік кодекс қабылданады. Осы құжаттың аясында зейнетке шығу үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаудың алғашқы нәтижелері туралы мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz
Бұған дейін Тамар Дүйсенова бір топ белсенді әйелдермен кездесіп, зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған.
Министрдің айтуынша, сол кездесуде белсенділер де, министрлік те өз ұсынысын жасады.
«Оларға біздің ұсыныстарымыз ұнады. Қазір жұмыс тобы аясында жұмысты жалғастырып, есеп-қисапты жасап жатырмыз. Кез келген әлеуметтік қолдауға ақша керек қой. Оны бәріміз жақсы білеміз. Қазір таймаут алып, бәрін есептеп шығуға келістік. Сол кезде нақты қай ұсыныстың тиімді болатынын білеміз. Сосын нақты бір шешімге келгеннен кейін сол әйелдермен бірге шығып, барлық ақпаратты береміз», - деді ол.
Айта кетсек, Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесін кеңінен талқыланып жатыр. Әйелдер зейнетке шығу жасын 55-ке немесе 58-ге дейін төмендетуді сұрады.