Алматыда жол апатынан зардап шеккен бір адамның жағдайы өте ауыр

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ауруханаға түскен 3 адамның бірінің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Дәрігердің айтуынша, ауруханаға 3 адам келіп түскен. Оның біреуінің жағдайы қазір өте ауыр.

«Ауруханаға түндегі әл-Фараби даңғылының бойында орын алған  жол апатынан зардап шеккен 3 адам келіп түсті. Оның екеуі нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Олардың миы шайқалған, жағдайы бір қалыпты. Ал бір науқас реанимация бөліміне жатқызылды, оның жағдайы өте ауыр», – деді  нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов.

Еске сала кетсек, 19 мамырда Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апаты болды. Оқиға орнында бір азамат қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілген еді.

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button