Біреулер экс-әкімді ұрып-соғып, қолына есірткі ұстатқан (ВИДЕО)

Біреулер экс-әкімді ұрып-соғып, қолына есірткі ұстатқан (ВИДЕО)

Біреулер экс-әкімді ұрып-соғып, қолына есірткі ұстатқан (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазнет Атырау облысы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Видео Telegram-каналдарда жарияланды. Кадрларда Құлсары қаласының экс-әкімі Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны басқа адамдардың сұрауы бойынша алуға келгенін айтады. Ер адамның айтуынша, оған кішкентай пакетте дәрі бар екенін айтқан. Экс-әкім видеоны түсіріп тұрған белгісіз адамның сұрақтарына жауап береді, ал Қаржау Шарғабаевтың бетінен көгерген іздер байқалады. Полиция бұл жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді.
«Нәтижесін кейінірек хабарлаймыз», - деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Кейін Шарғабаев Facebook парақшасында 19 мамырда біреулер шабуыл жасағанын айтып, бейнехабарлама жариялады. Оның айтуынша, бейтаныс адамдар оны ұрып-соғып, өзін айыптауға мәжбүрлеген. Сондай-ақ ер адам денесіндегі ұрып-соғу белгілерін көрсетті.