Көкшетауда мектеп оқушысы сыныптасын қылқындырған

Көкшетауда мектеп оқушысы сыныптасын қылқындырған

Көкшетауда мектеп оқушысы сыныптасын қылқындырған
ашық дереккөзі
Оқиға 29 сәуір күні облыс орталығындағы №21 мектепте сабақ үстінде болған. Есінен танып қалған оқушыға ешкім жедел жәрдем шақырмапты деп хабарлады turkystan.kz Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, сотқар оқушы алдыңғы партада отырған сыныптасын күтпеген жерден қылғындыра жөнелген. Салдарынан жәбірленуші есінен айырылып құлап, жиһазға басымен соғылған. Мұғалім жедел жәрдем шақырмаған. Оқушыны дәрігерлер ауруханаға үйінен алып кетіпті. Оның миы шайқалып, бас сүйегі жарақаттанып, мұрны сынған.
«Айыпты оқушы 2020-2021 жылдары қылмыстық іс жасағаны үшін есепте тұрған. Бірақ жасына байланысты жауапкершілікке тартылмады. Енді қылғындыру дерегі бойынша полицияға арыз түсіп отыр. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалды шешім шығарылады.", - деді баспасөз қызметі.