Америкалық танымал әнші Рианна алғаш рет ана атанды

Америкалық танымал әнші Рианна алғаш рет ана атанды

Америкалық танымал әнші Рианна алғаш рет ана атанды
ашық дереккөзі
Америкалық әнші Рианна 33 жастағы рэпер A$AP Роккиден ұл туды. Бұл туралы америкалық БАҚ өкілдері мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Сәбилері 13 мамырда Лос-Анджелестегі емханада дүниеге келген. Баланың аты-жөні әлі белгісіз. Бұл екі өнерпаздың да тұңғыш перзенті. Рианна мен A$AP Рокки сәбилі болатындарын биыл қаңтарда жариялады. Америкалық дива қаңтар айының соңында жүктілігі туралы айтты. Әнші бірнеше рет көпшілік алдына ашық киіммен шығып, ішін көрсеткен. Айта кетсек, қос әнші 2013 жылы рэпер Fashion Killa үшін бейнебаян түсіру кезінде танысқан.