Автонесие бағдарламасына бюджеттен тағы қаржы бөліне ме? – министр жауап берді

Автонесие бағдарламасына бюджеттен тағы қаржы бөліне ме? – министр жауап берді

Автонесие бағдарламасына бюджеттен тағы қаржы бөліне ме? – министр жауап берді
ашық дереккөзі
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша ақша бөлу мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына тағы бюджеттік қаржы бөлу мәселесі қаралып жатқанын айтқан.
«Біз қазір мына 100 миллиардтан басқа республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлеміз бе деп отырмыз. Біздің қаржылық-экономикалық негіздемеміз бойынша 150 миллиард болып тұр. Оны жыл сайын 30 миллиардтан бөлеміз деген ой бар. Бірақ, ол ақшаны бере ме, бермей ме, әзірге белгісіз», - деді Қарабаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Ал қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай өтінім әлі түспегенін жеткізді.
«Қазір республикалық бюджеттен осы бағдарламаға бір тиын да жұмсалып жатқан жоқ. Барлығы - бұрынғы Оператор РОП-та жиналған ақша. Соны беріп жатырмыз. Ал республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы өтінім түскен жоқ», - деді Жамаубаев.