Петропавлда 75 жастағы зейнеткерді скутермен қағып кетті

Петропавлда 75 жастағы зейнеткерді скутермен қағып кетті

Петропавлда 75 жастағы зейнеткерді скутермен қағып кетті
ашық дереккөзі
Петропавлда жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған скутер жүргізушісі 75 жастағы әйелді қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 мамырда Петропавлдағы Егемен Қазақстан және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында жолды белгіленбеген жерден өтпек болған 75 жастағы қала тұрғынын WorteX скутері соғып кетті. Рөлде 16 жастағы студент болған. Зейнеткер әйел медициналық мекемеге жеткізіліп, көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
 «Қала тұрғынына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша хаттама толтырылды. Барлық жол қозғалысы қатысушыларын жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Мәселен, жыл басынан облыс орталығында жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың, оның ішінде велосипедшілердің, гироскутер, электр самокаттардың иелерін қоса алғанда 2 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді», - дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.