Бір қап сүйек-саяқты көпірден лақтырып жіберген азамат ұсталды

Бір қап сүйек-саяқты көпірден лақтырып жіберген азамат ұсталды

Бір қап сүйек-саяқты көпірден лақтырып жіберген азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған атыраулық бейнекамераға түсіп қалды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Атырауда 15 мамыр күні сағат 21:00-де қаладағы Мечников көпірінде ер адам көлігінен түсіп, қара түсті қоқыс салатын қапты суға лақтырып жіберген. Бұл әрекеті Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
«Тәртіп сақшылары аталған азаматты дереу анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлімімен «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 1977 жылғы ер адам қара түсті қоқыс салатын қапқа садақадан шыққан сүйек қалдықтарын салғанын айтты», – дейді Атырау ПБ баспасөз қызметіндегілер.
Қала тұрғынына 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.