BIR TOLQYNDA: жастарға Ата Заңға енгізілетін өзгерістер туралы айтылды

«AMANAT» партиясының Жастар қанаты республикалық референдумға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жастармен ашық диалог өткізді.

«BIR TOLQYNDA» диалогтық алаңына Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт, Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Закиева, журналист, танымал блогер Динара Сәтжан, «Talap» КЕАҚ президенті Олжас Ордабаев және Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев қатысты.

Спикерлер ауқымды және маңызды түзетулер туралы айтып, «Жаңа Қазақстанды» құру, елдің болашағы және жастардың өзі үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді.

«Реформа – реформа үшін емес, жүйені өзгерту үшін, еліміздің одан әрі даму бағытын анықтау үшін жүргізіледі. Бұл реформаның басты айырмашылығы Халықтың дауысы. Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру, сондықтан баршаңызды белсенді қоғамның бір бөлігі болуға шақырамын»,– деп атап өтті Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт.

Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Закиева өткізілгелі жатқан саяси оқиғаның өзектілігіне тоқталды:

«Ең алдымен, ұсынылып отырған түзетулер бүкіл халықтың, әрқайсымыздың ел басқаруға қатысуын кеңейтпек. Өзгерістер Парламент Мәжілісіне кандидаттарының аралас сайлау жүйесінің мүмкіндігін қарастырады. Осылайша, әрқайсысымыз нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ете аламыз»,– дейді ол.

Белгілі тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан халықтың референдумға деген белсенділігі мен қызығушылығына тоқталды:

«Мен әлеуметтік желіде «сіз референдумға барасыз ба?» деген сауалнама жүргіздім. Сұралғандардың 56%-ы «иә» деп жауап бергені мені қуантады. Қаңтардағы оқиғалар егер сіз ел жағдайына қатыспай, бәрін өз бетіне қоя берсеңіз, үлкен қиындықтарға әкелетінін көрсетті. Сондықтан қазір әрқайсысымыз енгізілетін түзетулерді зерделеуіміз керек»,– деді Динара Сәтжан жастарға.

Кездесу барысында шақырылған спикерлер жастардың көптеген сұрақтарына жауап берді. «Talap» КЕАҚ президенті Олжас Ордабаев осы сынды шаралардың маңыздылығына  тоқталды:

«Қазір тарихи оқиғалар орын алуда, сіздер осыған куәсіздер, сіздер еліміздің тірегісіздер. Сіздердің араларыңызда болашақ басқарушылар өте көп, сондықтан біз бәріміз мемлекеттің қалыптасуына белсенді қатысуымыз керек»,– деп атап өтті.

Сондай-ақ, республикалық партиялық штабтың мүшесі, «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев қазіргі уақытта Ата Заңға түзетулерді түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті:

«Адамдарды дауыс беруге шақырмас бұрын, біз ұсынылған өзгерістер туралы қарапайым тілмен түсіндіруіміз керек. Қазір Жастар қанаты бұл бағытта барлық өңірлерде белсенді жұмыс жүргізуде. Біз үшін әрбір жас қазақстандықтың саяси оқиғаның маңыздылығынан хабардар болуы және түсінуі маңызды», – деді ол.

Айта кету керек, Қазақстан тарихындағы референдумдар екі рет өтті. Біріншісі 1995 жылғы 29 сәуірде өтіп, ел Президентінің өкілеттік мерзімін ұзарту мәселесіне қатысты болды. 1995 жылғы 30 тамызда өткен екінші референдумның мәні Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы болды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button