Ғалым еңбегі еленді: Қайрат Мамәділдің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті

Ғалым еңбегі еленді: Қайрат Мамәділдің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті

Ғалым еңбегі еленді: Қайрат Мамәділдің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті
ашық дереккөзі
Елордада филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Мамәділдің өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. Шара аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің аудиториясына ғалымның есімі берілді. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Кабинеттің лентасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиетші-профессор Серік Негимов, Еуразия гуманитарлық институтының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Ахметов қиды. Жиналған қауым Ахмет Байтұрсынұлы мұражайымен танысып, ары қарай дөңгелек үстел басында ой өрбітті.  width= «Қайрат Мамәділ тірі болса биыл 60 жасқа толар еді. Ғалым бар ғұмырын қазақ ұлтының дамуына арнады. Жас кезінен бастап тілге жанашыр талантты жастарды  қасына тартып, көп көмектесті. Өзінің туған жері Шығыс Қазақстан жайлы, өлкенің тарихи орындары мен тұлғалары жайлы жиі жазып, насихаттап тұрды. Елорданың қалыптасуына да үлес қосты. Ғалымның атына ашылған кабинет оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетін насихаттайтын киелі орынға айналары анық. Себебі Қайрат Мамәділ Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын зерттеген ізбасарларының бірі болды», – деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Д.Қамзабекұлы. Қайрат Мамәділ 1990 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын тәмамдаған соң, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, қазақ филологиясы факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. Кейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Сондай-ақ, Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, институт деканы қызметін абыроймен атқарды. Қайрат Асылбекұлының ғылыми, педагогикалық еңбегі ескеріліп, Премьер-министрдің Алғыс хатын, ҚР БҒМ-ның Құрмет грамотасы, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2008», ҚР БҒМ-ның «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері», ҚР БҒМ-ның «Ы.Алтынсарин», Қазақ білім академиясының «Педагог – зерттеуші» төсбелгісімен марапатталды. Қайрат Мамәділ - 5 оқу құралының, 60-қа жуық ғылыми мақаланың авторы.