Жаңалықтар

Ғалым еңбегі еленді: Қайрат Мамәділдің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті

ашық дереккөзі

Ғалым еңбегі еленді: Қайрат Мамәділдің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті

Елордада филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Мамәділдің өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. Шара аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің аудиториясына ғалымның есімі берілді. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Кабинеттің лентасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиетші-профессор Серік Негимов, Еуразия гуманитарлық институтының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Ахметов қиды. Жиналған қауым Ахмет Байтұрсынұлы мұражайымен танысып, ары қарай дөңгелек үстел басында ой өрбітті.