Полицейлер көлік ұрлаған мектеп оқушысын әрең ұстады (ВИДЕО)

Полицейлер көлік ұрлаған мектеп оқушысын әрең ұстады (ВИДЕО)

Полицейлер көлік ұрлаған мектеп оқушысын әрең ұстады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Талдықорған қаласының полицейлері кәмелетке толмаған көлік ұрысын ұстады деп хабарлады turkystan.kz. 16 жастағы жасөспірімге үш көлікті ұрлады деген айып тағылған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары ұрланған шетелдік көлікпен қашып кетпек болған көлік ұрысының ұсталған сәтін видеоға түсіріп алған. Патруль қызметкерлері күдіктіні көліктен шығып қашып кеткенше қуып, көпқабатты үйлердің ауласында қолға түсірген.
«Ұсталған оқушының Mitsubishi Galant, BMW және Mazda-626 ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Аталған дерек 16 мамырда тіркелді. Көліктердің бірі Алматы қаласының шетінен, екіншісі Көксу ауданындағы Алғабас ауылының маңындағы арықтан табылды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (көлік айдап әкету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетсек, жасөспірім толық емес отбасынан шыққан. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған баланың анасы жалғыз өзі 4 баланы тәрбиелеп отыр. Жастығына қарамастан, күдікті түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін бірнеше рет полиция бөліміне жеткізілген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)