Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесін іске қосты

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесін іске қосты

«AMANAT» партиясы статистикалық есептің жаңа әдістемесін әзірлеп, әрбір ауылдың экономикалық мамандануын анықтайтын деректер жинауды жоспарлап отыр. Бұл «Ауыл аманаты» жобасы аясында партия жанындағы жобалық кеңсе арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев айтты. «Ауыл аманаты» – биыл 14 сәуірде қабылданған «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының қосалқы бағдарламасы. Бұл жобаның негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. «Ауыл аманаты» жобасының негізгі міндеттерінің бірі – орау, температуралық сақтау сияқты қажетті пункттерді енгізе отырып, «егістіктен сөреге дейін» қағидаты бойынша өткізу тізбектерінің жаппай желісін қалыптастыру. «Осы жұмыстардың барлығын жүйелі ұйымдастыру үшін еліміздегі барлық салалық бағдарламаны біріктіре отырып, кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың бірыңғай ұлттық бағдарламасын қабылдау керек. Бұл алгоритмде кәсібін ашқан азаматтарға салықтық жеңілдіктер беру, бизнесті ғылыммен байланыстыру, кәсіпкерлікті қаржыландыруды қайта қарау секілді маңызды мәселелер көрсетіледі», - деді Эльдар Жұмағазиев.