Қоқыстан табылған 5 жасар баланың анасы ұсталды
Қоқыстан табылған 5 жасар баланың анасы ұсталды
Алматы облысының Сарқан ауданында қоқыстан табылған баланың анасы ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Полиция департаментінің хабарлауынша, 19 жастағы келіншек Сарқан қаласында тұрады. 2017 жылы ол қыз баланы дүниеге әкелген.
«Анасының сөзінше, бала церебральды сал ауруымен ауырып, көз жұмған. Олар ағасы екеуі келісіп, қаланың маңына жерлемек болған. Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 99-бабы, «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.