Каспий жағалауында итбалықтар әлі қырылып жатыр

Каспий жағалауында итбалықтар әлі қырылып жатыр

Каспий жағалауында итбалықтар әлі қырылып жатыр
ашық дереккөзі
Форт-Шевченконың орталық жағалауында итбалықтардың өлекселері қайтадан табылып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. 18 мамырда жергілікті тұрғын Форт-Шевченко жағалауында серуендеу кезінде өлі итбалықтарды тапты.
«Егер әрі қарай жүретін болсақ, онда әлі де өлі итбалықтарды көреміз, өйткені ол жақта құстардың бір нәрсе жеп жатқанын көрдім», - деді куәгер.
Сондай-ақ ол Түпқараған ауданының әкімдігінде қазіргі итбалықтардың қырылу себептері анықталып жатқанын атап өтті. Айта кетсек, Каспийде итбалықтардың қырылып жатқаны бұрын да байқалған еді. Осы жылдың 27 сәуірінде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеу жұмыстарын жалғастыру барысында өлі итбалықтардың 94 ұшасы табылды. Сол кезде Экология министрлігінің балық шаруашылығы комитеті жағалауға мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты. Ал 14 мамырда Маңғыстау облысында 64 өлі итбалық пен бес бекіре табылды.
«Теңіз жануарлары мен бекіре балықтарының ұшалары қатты ыдырау сатысында болды, соның салдарынан зерттеу жүргізу үшін тіндердің сынамаларын алу мүмкін болмады. Демек, олардың өлімі қыста болған деп болжауға болады», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.