Жаңалықтар

Моңғолиялық Forbes-тің үздік отыздығына енген қазақ: FORBES-тің рейтингіне ену – жақсы-ақ, бірақ...

ашық дереккөзі

Моңғолиялық Forbes-тің үздік отыздығына енген қазақ: FORBES-тің рейтингіне ену – жақсы-ақ, бірақ...

Қазақстандық БАҚ екі апта бұрын Моң­ғо­лияда тұратын қос қандасымыз Базар Әшімұлы мен Аягүл Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енгенін жары­са жазған еді. «30 жасқа дейінгі ең перс­пек­ти­ва­лы 30 азаматтың» тізіміне енген екеудің бұл же­тістігін елдегілер қуана қабылдап, әлеуметтік же­лілерде қолдау білдірді. «Хэруга партнерс» ком­­паниясының негізін қалаған адвокат Базар Әшімұлы атажұрттағы қалың бұқараның бел­сен­ді түрде қолдау білдіргенін бірінші рет естіп тұрғанын айтады. Бес жыл ішінде біраз шаруа ат­қарып, әсіресе парламент мүшесі басқаратын ком­панияға қарсы сотта жеңіске жетіп, көп­шілік қалауымен жаяужол салынуына себепкер бол­ған Базарға хабарласып, әңгімелескен едік. – «Мамандық таңдау – тағдырыңды таң­дау» деген сөз жауыр тіркес көрін­гені­мен, шындап келгенде бұл – өмірдегі ең ше­шуші қадамдардың бірі. Ал сіз маман­ды­ғыңызды таңдауда неге мән бердіңіз? – Баян-Өлгей аймағында өсіп-өніп, 10 жыл­дық мектепті бітірген соң, Моңғолия ұлт­тық университетінің заң факультетіне оқуға түс­тім. Шынымды айтсам, әу баста «Қайтсем де заңгер боламын», «Бұл – беделді мамандық» де­гендей зор қызығушылық болған жоқ. Қа­зақ­станда түлектер болашақ мамандығын қа­лай таңдайтынын білмеймін, біз жақта мен мек­теп бітірер кезде «Қай мамандықты таң­да­ған дұрыс?» деп зерттеу жүргізу жағы дұрыс да­мымаған еді. Он үш жыл бұрын бұл туралы көп ақпарат та болмады. Тек конкурс уақыты таяған кезде заңгер мамандығын игерсең, жұмыс бірден табылатынын естіп-біліп, заң факультетінде оқуды құп көрдім. Әйтпесе, от­басымда заңгер ешкім жоқ. Әкем салық инс­пекторы болып жұмыс істеді, ал анам – үй шаруа­шылығындағы кісі. Ағаларым – түрлі ма­мандық иелері. Ал заңгерлікке деген сүйіс­пен­шілік университетте оқып жүргенде пайда болды. – Сонда бұл сала несімен қызықтырды? – Қазір ойлап қарасам, оған мынадай үш фак­­тор әсер еткен секілді. Әкем үкіметтік ұйым­да істеп жүргенде өте әділетті қызметкер болу­ға тырысып-бақты. Жұмысты әділ істеуің ке­рек, адамға зияныңды тигізбеуің керек еке­нін бала жастан санамызға сіңірді. «Заңгер бол­сам, кішкене күнімнен әкем айтып келе жат­қан әділеттіліктің жолында жүремін» де­ген ой маған темірқазық болды. Екіншіден, заң­гер, ад­вокат мамандардың басты мақсаты – әділет­сіз­діктен жаны қиналып, жанталасып жүрген адамдарға көмектесу, сол тығырықтан алып шығу, сосын сол адамдардың алғысын естіп, қо­шаметіне бөлену. Сол жағынан да бұл ма­ман­дық қатты қызықтырды. Сосын заңгер болу арқылы көп табыс тауып, жоғары айлық алу­ға болатыны тағы бар. Бірақ шынымды айт­сам, мамандығымды 100 пайыз не үшін жақ­сы көретінімді білмеймін. Десе де «Нені же­тік білемін?» дегенде, мамандығымның қыр-сырын толық меңгергендіктен, осы сала­ның білгірі екенімді нық сеніммен айта ала­мын. – Өзіңіз негізін қалаған «Хэруга парт­нерс» компаниясы қашан ашылды? Жеке өзіңіз аштыңыз ба әлде серіктестеріңіз бар ма? – 2014 жылы университет бітірген соң сақ­­­тандыру компаниясында заңгер кеңесшісі болып екі жыл жұмыс істедім. Осы жақтың заңы бойынша екі жыл мамандық бойынша жұ­мыс істеген соң, көп мүмкіндікке жол аша­тын емтихан тапсыруға болады. Ол сыннан мү­дірмей өтсең, заңгер, сосын адвокат бола ала­сың. Емтиханды сәтті тапсырған соң, заң­гер болу құқын иелендім. Сосын 2017 жылдың басы­нан бастап адвокат қызметін атқара бастадым. Ойлана келе, университетте бірге оқы­ған екі досыммен бірге «Хэруга партнерс» ком­паниясын құрдық. Біздің мақсатымыз – кә­сіпкерлерге, компания өкілдеріне заң жа­ғынан ақыл-кеңес беру, адвокат қызметін ұсыну. Моңғолиядағы ішкі компаниялар, Моң­ғолияға инвестиция салған шетелдік ком­панияларға қызмет көрсетеміз. Бір сөзбен айт­қанда, біздің басты жұмыс бизнеске бағыт­тал­ған. Қылмыстық іс, отбасылық мәселелерді ше­шуге көп келісе бермейміз, бірақ бізбен үне­мі жұмыс істейтін тұрақты клиенттер «Бұл істі қолға алыңдаршы, сендерге ғана сенеміз» деп сенім артқан соң, бизнестен өзге мәсе­ле­лерін де қарастыруға тура келеді. Ондай жағ­дай туындаса, мұндай істен хабары бар біраз қыз­меткерді жұмысқа тартамыз. Басында бұл ком­панияны моңғол азаматтарымен бірге ашқан едік. Кейін қатарымызға Баян-Өлгейде өсіп-өнген, болашағын заңгерлікпен бай­ла­ныс­тырған біраз қазақ қосылды. [caption id="attachment_181259" align="alignnone" width="1920"] «Хэруга партнерс» компаниясының қазіргі ұжымы[/caption] – Моңғолиялық Forbes жур­на­лы жа­рия­лаған «30 жасқа дейін­гі ең перс­пек­ти­валы 30 моң­­ғолиялық» рейтингіне енуіңіз­­ге де қоғамдық жұмы­сыңыз себеп бол­ды деп ой­лай­сыз ба? Сізді онда әрі ад­вокат әрі кәсіпкер деп көрсеткен. – Бәлкім. Негізі, Forbes рейтингіне ену­ді еш мақсат тұтпадым. Күні бүгін­ге дейін оған онша назар аудармай кел­дім. Журналда жұмыс істейтін ма­ман­дар хабарласып «Түйіндемеңізді жі­бере аласыз ба? Сізді үздік отыздыққа кір­гіз­­ге­лі отырмыз, бір­ақ алдымен жұмысыңызды зерт­­теп көре­міз», – деді. Түйіндемемді жібер­ген соң, сурет сұрады. Сол кезде «Отыздыққа кім­­дер енетіні енді белгілі болатын шығар» деп ойлап жүрсем, сарапшылар күні бұрын ше­шіп қойыпты. Әлемдік журнал болған­дық­тан, жұмыс бұрыннан қалыптасқан стандарт бойынша жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта рейтингке енгеннің әрбірімен үлкен сұхбат жа­сап, жеке журналдарға жарияламақшы. Ме­нен әлі сұхбат алған жоқ. Бәлкім, осы ай­дың соңына ұйымдастырылуы мүмкін. Ол рей­тингтің жария болғанына да көп уақыт өт­кен жоқ. 30 адаммен біртіндеп сұхбаттасуды ен­ді қолға алып жатыр-ау деймін. Ал бұл рей­тингке қандай критерийлер бойынша іріктеп ал­ғанын нақты білмеймін, бірақ болжауымша, әр салада жақсы жұмыс істеген, өз ісін тапқан 30 жас­тағы 30 азаматты таңдап алған секілді. Ма­ған келсек, бұл рейтингке енуіме ел а­у­зын­да айтылып жүрген жаяужолға байланысты іс­тің шешілуі әсер еткен болуы керек. Сосын сөз басында айтқанымдай, заңгер құқын бере­тін емтихан тапсырғанда Моңғолия бойынша ең жоғары ұпай иеленген едім. Осындай ұсақ-түйек нәрсенің барлығы жиналып келіп, сол рейтингке енуіме себепкер болған шығар. Ал адвокат бола тұра, кәсіпкерлер категориясына не­ліктен енгізілгенімді түсіндірер болсам, бірін­шіден, біз кәсіпкерлерге заң жағынан ақыл-кеңес береміз, бизнеске қатысты заң­дарды жиі қарастырамыз. Екіншіден, мен жеке адвокат емес, тұтастай бір фирманы дамыту ісін қолға алып жүрмін. Журнал сарапшылары мұны да ескерген болар. Бұл да – бизнестің бір түрі, адвокат қызметі бизнеске жатпайды деп айтуға болмайды. – Ұлан-Батырда сіз секілді жеке кәсіп­кер­лікпен айланысатын қазақ көп пе? – Жетерлік, бірақ бәрін тани бермеймін. Де­г­енмен халық санына шаққанда аз болуы мүм­кін. Қазір Моңғолияда үш миллион үш жүз мыңға жуық халық тұрады. Оның ішінде қа­зақтардың саны – шамамен 120 000. Баян-Өл­гейде тұратын қазақ­тар­дың онда кәсіп жүр­гізуі екі­та­лай. Біразының Ұлан-Ба­тыр­да да­мып жатқан кәсібі бар. Дегенмен олардың кө­­бі шетелге кетуге ты­рысады. Қазақтар тү­гіл, моң­ғол азамат­тары да шетелге ке­ту­ді қалай­ды, ке­тіп те жатыр. Дей­­­тұр­ған­мен ара­ларын­да екі жақта да кәсіп жүргізіп жүр­гендер бар. Өзім жақ­­сы араласатын Ға­бит есімді азамат ІТ са­­ла­сы бойынша әрі Моң­­ғолияда, әрі Амери­ка­да ісін дөң­гелетіп жүр. Айт­пақ­шы, ол 5-6 жыл бұрын Forbes-тің осы рейтингіне ен­ген бола­­тын. Forbes-тің үздік отыздығы тура­лы алғаш сол кезде естіген болатын­мын. Қателеспесем, Ғабит бұл рейтингке кірген тұң­ғыш қазақ болуы керек. – Қазақстанға жиі келіп тұратын шы­ғар­сыз? – Қазақстанға барып көргенім жоқ. Ол жақ­та көп туысым тұрады, бауырым да сонда оқи­ды. Бірақ ол жаққа барудың реті бір кел­мей қойды. Басында оқу, сосын жұмыс дедік. Сосын жеке компаниямызды аяғынан тік тұр­ғызу үшін дамыл таппай, жұмыс істедік. 2017 жылы шаңырақ көтердім. Әзірге бір қыз өсіріп отырмын. Содан соң пандемияға тап бол­дық. Қазақстанға жағдай жақсарып, ше­ка­ра ашылған соң, отбасыммен барып қайтуды жос­парлап отырмын. Бірақ Қазақстанға ба­рып қыдыру үшін бір апта уақыт аз секілді. Өйт­кені онда тұратын қалың туыстардың «Бү­гін бізге кел», «Ертең бізде қонақ бол», «Со­сын сені біз күтеміз» деп асты-үстіңе түсетіні сөз­сіз. Біріне барып, екіншісіне үлгермей қал­саң, ренжіп қалады (күліп). Сондықтан ата­жұртқа ұзақ уақыт демалуға бару керек. Бы­лайша, елдегі ахуалды үнемі бақылап отыра­мын. Ондағы достарыммен жиі әңгімелесемін, олармен үнемі ақылдасып, кеңесіп отырамын. Моңғолияға Қазақстаннан келген азаматтар болса, хабарласып, танысып, көмегіміз қажет болса, аянып қалмаймыз. Елге қайтар кезде «Моңғолиядағы қазақтар «нашар» екен» деген әңгіме айтпасын деп, шама-шарқымыз кел­ген­ше көмектесуге тырысамыз. Бір өкініштісі, Қазақстан мен Моңғолия арасында сауда-сат­тық, бірлесе бизнес жүргізу туралы келісім жоқ. Моңғолия көбіне Қытай мемлекетімен сауда-саттық мәселелері бойынша келісімдер жүр­гізеді. Сондықтан біздегілерге Қытаймен бірі­гіп жұмыс істеу әлдеқайда оңай. Қазақстанда қазақтар орысша көп сөй­лей­ді, сөз арасына орыс тіліндегі сөздерді көп қо­сады. Бәлкім, оларға ойын осылай жеткізу оңай шығар. Сізбен сұхбаттасып отырғанда бай­қағаным, мен де олар секілді сөз арасында моңғолша сөздерді қосып жіберетін болып­пын. Қазақша таза сөйлеуден қалып барады екенмін. Бізге қарағанда сіздер қазақ тілінде нақышына келтіре сөйлейсіздер ғой. Ал мен көп қазақтың арасында өмір сүріп жатқан жоқпын. Оның үстіне, жұмысым заңға тікелей байланысты болғандықтан, айналамдағы барлық процесс моңғол тілінде жүргізіледі. Қазақ тілінде үзбей сөйлеу қиын екен. Деген­мен мұны дер кезінде түзеп алармын деп ой­лай­мын.

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ