Мазар салып жарысуды доғару қажет

Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы орталық «Иман» мешітінде қала және аудан бойынша QAMQOR-SHARAPAT салт­тық қызметіне жауапты мамандармен жиын өткізді. Жиын барысында діни басқарма бекіткен үлгіге сай салттық қызмет көрсетудің тәртібі сөз етілді.

«Қазақстан Мұсылмандары діни бас­қармасының төрағасы, Бас мүфти Нау­рыз­бай қажы Тағанұлы қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты біріз­ділікке келтіру жөнінде бастама көтерген болатын. Бүгінде жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек. Алдағы уақытта салттық қызмет көрсететін орталықтар ҚМДБ ұсын­ған үлгіге сай жұмыс жүргізсе, қабір ба­сын­дағы келеңсіздіктер тоқтап, бірізді­лікке келеді деген ниеттеміз», – деді бас имам Алмас Сағидоллаұлы.
Бұл жиыннан соң қалалық QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет көрсету орта­лы­ғының Талдықорған өңіріндегі өкілі Юсуф Ибраймов «Тәубе» мешітінде түсін­дір­ме жұмысын жүргізіп, бірізділікке түсуі қа­жет дүниелерді тілге тиек етті.

Ә.ІЗТІЛЕУ

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button