Мазар салып жарысуды доғару қажет

Мазар салып жарысуды доғару қажет

Мазар салып жарысуды доғару қажет
ашық дереккөзі

Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы орталық «Иман» мешітінде қала және аудан бойынша QAMQOR-SHARAPAT салт­тық қызметіне жауапты мамандармен жиын өткізді. Жиын барысында діни басқарма бекіткен үлгіге сай салттық қызмет көрсетудің тәртібі сөз етілді. «Қазақстан Мұсылмандары діни бас­қармасының төрағасы, Бас мүфти Нау­рыз­бай қажы Тағанұлы қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты біріз­ділікке келтіру жөнінде бастама көтерген болатын. Бүгінде жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек. Алдағы уақытта салттық қызмет көрсететін орталықтар ҚМДБ ұсын­ған үлгіге сай жұмыс жүргізсе, қабір ба­сын­дағы келеңсіздіктер тоқтап, бірізді­лікке келеді деген ниеттеміз», – деді бас имам Алмас Сағидоллаұлы. Бұл жиыннан соң қалалық QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет көрсету орта­лы­ғының Талдықорған өңіріндегі өкілі Юсуф Ибраймов «Тәубе» мешітінде түсін­дір­ме жұмысын жүргізіп, бірізділікке түсуі қа­жет дүниелерді тілге тиек етті.

Ә.ІЗТІЛЕУ