Жармада жаңаша бетбұрыс бар

Жармада жаңаша бетбұрыс бар

Жармада жаңаша бетбұрыс бар
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының ірі аудандарының бірі – Жарма өңірі жер қойнауының байлығы және алуан түрлілігімен, көрік­ті табиғатымен ерекшеленетін өлке. Дамыған тау-кен өнер­кәсі­бінің арқасында өңір облыс бюджетінің доноры, сонымен қатар егін шаруашылығын дамытудың үлкен әлеуетіне ие. Ауданда көлемі 80 миллион текше метр Шар су қоймасы және тағы да қосымша 3 су қоймасы орналасқан қуатты суғару ресурстары бар. Ақпан айында Жарма ауданының әкімі болып тағайындалған Нұрымбет Сақ­тағанов қызметін барлық елді ме­кендерді, оның ішінде шағын ауыл­дар­дың тұрғындарымен кездесуден бас­тады. Тұрғындардың қажет­тілік­те­рін біліп, олардың тұрмысымен та­­­нысты. Адамдармен ашық сұхбат бары­сын­­­да таза ауызсу, көшелерді жарық­тан­­­дыру, ұялы байланыспен және ин­­­­­тернетке мұқтаждық бар екені анық­­талды. Жайылымдар мен шабы­н­­дық­тардың тапшылығын сезінетін елді ме­кендер, әсіресе қатынас қиын шал­ғайдағы шағын ауылдар жайы белгілі болды. Кездесулердегі ұсыныс-тілектер не­гізінде экономикалық көрсеткіш­тер­ге талдау жасалған соң, аудан бас­шы­сының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарын әзірлеу тап­сырылды. Оған тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді ұлғайту, инфрақұры­лым­ды дамыту, оның ішінде жолдар­ды жөндеу, көшелерді жарықтандыру бойынша тұжырымдамалық бағыттар кірді. Алдағы уақытта таза ауызсумен қам­­тамасыз ету, елді мекендерді абат­тан­­дыру мен көгалдандыру, суармалы жер­лерді ұтымды пайдалану, жайы­лым­­дар мен шабындықтарды әділ бө­­ліп, экологиялық ахуалға, қоршаған ор­таны қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Тау-кен өндірісінің табиғатқа жә­не адамға зиянды әсерін ескере оты­рып, алтын құрамы бойынша ең бай кен орнының бірін игерумен айналы­са­тын «Бақыршық тау-кен өндіру кә­сіп­орны» ЖШС орналасқан Әуезов кен­ті мен Шалабай ауылы айнала­сын­да жасыл белдеулер мен орман-то­ғай құру мәселесі қарастырылып отыр. Бұл жоба ауданымыздың өнер­кә­сіп кешендері орналасқан барлық өл­келерінде жүзеге асырылады. Өйт­кені орман – бұл жердің тынысын қам­тамасыз ететін «жасыл өкпесі» іс­петті. Сонымен қатар орман екпелері уа­қыт өте келе ауыл тұрғындарының де­малыс орнына айналады, аймақтың флорасы мен фаунасының биоалуан­түр­лілігін арттыруға қызмет етеді. Елді мекендерде санитарлық тәр­тіпті қамтамасыз ету, қоқысты ұйым­дас­қан түрде шығару, рұқсат етілме­ген үйінділерді жою үшін тұрмыстық қоқысқа арналған контейнерлер ор­натылған алаңдар ашылады. ҚТҚ п­о­­ли­гондарына қалдықтарды жинау және шығарумен айналысатын ма­мандандырылған ұйымдар тұрғын­дармен шарт жасасуы қарастырылып отыр. Ауылдарда тазалық жұмыстарына әр­бір тұрғынды қатыстыру мақса­тында «Үздік округ», «Үз­дік елді ме­кен», «Үздік көше», «Үз­дік аула» бай­қаулары жарияланды. Бар­лық ауыл­дық округтердің орта­лық­тарында мамандарды тарта оты­рып, гүлзарлар мен көгалдар төселіп жа­тыр. Бұл жұмысқа жылыжай өн­дірі­­сімен айналысатын жергілікті кә­­­сіпкерлер ұйымдастырылмақ. Елді мекендердің айналасындағы жайы­лымдар мен шабындықтардың ұзақ уақыт үздіксіз пайдаланылуы­нан,бұл алқаптар барған сайын тозып ба­ра­ды. Бұл мәселені шешу үшін Шы­ғыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тә­жірибе стансасының мамандары­мен бірлесіп, көпжылдық және бір­жылдық азықтық шөптер егу қолға алы­на бастады. Атап айтқанда, көп­жыл­дық көкнайза және біржылдық «навигатор» сорты сияқты түрлерін пай­далану ұсынылып отыр. Еліміздің «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру ая­сында ауданда жаңартылатын энер­гия көздері пайдаға асырылмақ. Мә­селен, 2019 жылы Жалғызтөбе кен­тінің маңында жобалық қуаты 30 ме­гаватт күн электр стансасы қол­да­нысқа берілді. Өткен жылы осын­дай қуаты бар жел электр стансасы іске қосылды. Жарма ауданы баламалы энер­гия көздері бар облыстағы бір­ден-бір аудан екенін айта кету керек. Шар су қоймасының әлеуетін не­ғұрлым тиімді пайдалану үшін суару жүйесін қалпына келтіру мәселесі қарастырылып жатыр. Өйткені қазір 1 835 гектарды суаруға бір ғана ма­гистралды канал пайдаланылады. Ай­налымға тағы үш магистралды ка­нал енгізілгеннен кейін суармалы жер­лердің көлемін 12 475 гектарға дейін жеткізу мүмкіндігі пайда бо­лады. Бұл мал шаруашылығы үшін тұрақ­ты жем-шөп базасын қамтама­сыз етуге мүмкіндік береді және ірі ин­вес­тициялық жобаларды іске асыруға негіз болады. Осы шаралардың арқасында суару жүйесін қалпына келтіру ар­қы­лы ауыл шаруашылығы өнімінің өн­дірі­сін екі есе ұлғайтуға қол жеткізуге болады. Жарма ауданы – қазақтың ақбас сиыры және «байыс» қойы сияқты бел­гілі мал тұқымдарының отаны. Ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­ші­лер саналатын «Шалабай» және «Қал­батау асылтұқымды мал зауыты» жауап­кершілігі шектеулі серіктес­тік­тері қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсірумен айналысады. «Қара Адыр», «Мүслім» толық серіктестік­тері, «Дәметкен», «Тілек» шаруа қожа­лық­тары «байыс» асылтұқымды қыл­шық жүнді, құйрықты, етті-май­лы тұқымды қойын, «Тайлақ» шаруа қо­жалығы «жебе» асылтұқымды жыл­қысын өсіреді. Мал шаруашылығы – ауданның ауыл шаруашылығының жетекші саласы, ал ет өндірісі – ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексін қалыптастыра­тын негізгі көрсеткіш. Ауданда 103 534 бас ірі қара, 20 5440 бас қой мен ешкі, 38 586 бас жылқы бар. Экономиканың аграрлық секто­рын одан әрі дамыту үшін Жайма жә­не Терістаңбалы ауылдарында аг­ро­холдинг құру және «Өрлеу» шаруа қо­­жалығын дамыту, Қызылағаш ауыл­­дық округінде «Қызылағаш – 2019» ауылдық кәсіпкерлік коопера­тиві базасында агрохолдинг құру сияқты инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Мәселен, «Өрлеу» шаруа қожалығының сүт-тауарлы фермасын, құрама жем зауытын, 1 500 бас ірі қара және 3 000 бас қойға арналған бордақылау алаңдарын салу, жем-шөп және майлы дақылдар өсіру бойынша жобасын іске асыруға 5,9 миллиард теңге көлемінде инвести­ция құю көзделген. Жарма ауданы алтын шұғылалы аймақ деп аталады. Бірақ Жарманың бас­ты байлығы – оның халқы. Облыс атауы­на ие болған ұлы Абайдың өсиет­терін өмірлік ұстаным санай­тын өңірдің туған өлкесіне жанашыр, еңбекқор азаматтары ауданның көр­кеюі ­­үшін бар күш-жігерін жұмсай­ты­нына, кемеңгер тұлғаның аманаты­на адал болатынына сенім мол.

Б.БАЛЫҚБАЙ