«Ол ешкім тиісе алмайтын адам еді»: Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлы жайлы не біледі?

«Ол ешкім тиісе алмайтын адам еді»: Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлы жайлы не біледі?

«Ол ешкім тиісе алмайтын адам еді»: Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлы жайлы не біледі?
ашық дереккөзі
16 мамырда Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Оның Президенттен араша сұрауына Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың арызы себеп болған деп жазды turkystan.kz. Nege.kz сайтының ұжымы Халық әртісі Тұңғышбай әл-Таразиге хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтап көрген екен. – Тұңғышбай Қадырұлы, Арыстанбек Мұхамедиұлының үндеуін көрдіңіз бе? – Иә, көрдім. – Осыған қатысты сауалдарымыз бар еді. А.Мұхамедиұлының ісіне сіздің қатысыңыз бар ма? – Мұны баяғыдан бері сұрамай, енді неге сұрап қалдыңдар? Алдымен тексерілсін, содан кейін айтамыз да. Қазір бірдеңе айтатын жөні жоқ. – Біз бұл тақырыпты көптен бері көтеріп жүрміз. Араларыңызда бұрынғыдан басқа да келіспеушілік болды ма? – Біздің арамыздағы қандай келіспеушілік екенін білесіздер ғой. Оны бүкіл Қазақстан біледі. Студент қыздарды қорғағаным үшін менің абыройымды төгіп, маған өтірік жала жапты. Өтірік айтып, мені жерге қаратты. Қой дегенде қоймады ғой! – Бұл мәселе біраздан бері тыншып қалғандай болып еді... – Қалай басылып қалады? Ешқашан басылмаған! Өйткені, ол бұған дейін жоғарғы жақтағы адамдардың ерекше қорғауында болды. Ол ешкім тиісе алмайтын адам еді. Сол кезде айттың не, айтпадың не, бәрі бекер еді. Талай рет айттық. Сот арқылы да біздің жазығымыз жоқ екенін дәлелдегенбіз. Бірақ ол ана кісінің қамқорлығында болғаннан кейін бәрі қорықты. Әділетсіз үкім шығарды, әділетсіз тергеу жасады. Енді қазір дүние өзгерді.  Оның видеоүндеуде айтқандарына қатысты не дейсіз? – Айтқандарының бәрі өтірік! Қызмет істеген жерінің бәрінде ұрлаған. – Яғни А.Мұхамедиұлының үстінен сіз арыз түсірдіңіз. Солай ғой? – Иә, мен арыз жаздым. Оны жасырмаймын. Бұл өзі қасына адам жинайды, ал олар кейін сатып кетеді ғой. Сол сатып кеткен адамдары маған құжаттарды дайындап, әкеліп берді. Нақты дәлелдер бар. Ол құжаттардың бәрі менде тұр, соның бәрін келтіріп, үстінен арыз жаздым. Оған қатысты құжаттарды әкеліп бергендер менің нақақтан-нақақ күйгенімді, қорланғанымды жақсы біледі. Ал мұны өздері айтуға қорқады... Тағы оқи отырыңыз: Арыстанбек Мұхамедиұлы Тоқаевқа үндеу жолдады (ВИДЕО)