«Түнде жасалған»: Шымкенттегі тергеу изоляторында күдікті өзіне қол салды

«Түнде жасалған»: Шымкенттегі тергеу изоляторында күдікті өзіне қол салды

«Түнде жасалған»: Шымкенттегі тергеу изоляторында күдікті өзіне қол салды
ашық дереккөзі

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/11 мекемесінде жатқан күдікті суицид жасады деп хабарлады turkystan.kz. 1962 жылы туған тұрғынға кісі өлтірді деген айып тағылған. Күдіктіге мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсету шараларын қолданған. Ал, жедел медициналық жәрдем бригадасының өкілдері күдіктінің қан жоғалтудың салдарынан мерт болғанын анықтады.

«Аталған факті бойынша департаментте қызметтік тергеу жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша қызметкерлер жауапқа тартылды. Тергеу материалдарына сәйкес, суицид түнде жасалған. Тергеу үшін қамауға алынған адам камерада өзіне жарақат салған соң, көрпеге оранып жатып қалған», - делінген Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.