Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікке шалдығады

Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікке шалдығады

Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікке шалдығады
ашық дереккөзі
Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мәліметі бойынша, соңғы жеті жылда бұл көрсеткіш өзгермеген. Бұл әлемдік статистикамен салыстырғанда төмен деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Сонымен қатар Қазақстанда балалар онкологиясын ерте диагностикалауда оң динамика байқалады. Егер 2015 жылы бастапқы кезеңдегі қатерлі ісік науқастардың үштен бірінде ғана анықталса, былтыр науқастардың жартысына ерте диагноз қойылды. Мамандар бұрын онкологиялық дертке шалдыққан балалар шетел емханаларына емделуге жіберілсе, қазір оларға еліміздегі озық әдістер мен тиімді дәрі-дәрмектің қолжетімді екенін айтады.
 «Емдеу жанжақты жүргізіледі. Біріншіден, бағдарламалық полихимиотерапия. Айта кету керек,  емдеудің клиникалық хаттамасы халықаралық нұсқаулар негізінде әзірленіп, біздің жағдайларға бейімделген. Бұл хирургиялық операциялардың барлық түрін қамтиды. Сәулелік терапия және 2012 жылдан бастап біз гемопоэтикалық жасушаларды трансплантациялауды жасап келеміз», - деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, басқарма басшысының орынбасары Ләззат Манжуова.