Жаңалықтар

«Жалын» телевизиялық жастар байқауының жеңімпаздары анықталды

ашық дереккөзі

«Жалын» телевизиялық жастар байқауының жеңімпаздары анықталды

«Қазақстан» телерадиокорпорация-сы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Камал Смайыловтың 90 жылдығына және тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жалын» телевизиялық жастар байқауының қорытындысын жариялады. 2022 жылғы 15 сәуірден бастап конкурсқа республикалық, аймақтық телеарналардан, ақпараттық агенттік журналистерінен, жоғары оқу орындарының студенттерінен түрлі жанрда 60-қа жуық шығармашылық жұмыс келіп түсті. Телерадиокорпорация тарапынан арнайы құрылған комиссия 4 үміткердің жұмысын үздік деп таныды.