Павлодар жағалауында қамыс өртенді

Павлодар жағалауында қамыс өртенді

Павлодар жағалауында қамыс өртенді
ашық дереккөзі
Өрт салдарынан саяжайларға қауіп төнді деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 23:47-де «Яблонька» бағбаншылығы ауданында Ертіс өзені алқабында шамамен 6 га алаңда қамыс жанып жатқаны туралы дабыл түсті.
«Өртті сөндіруге 17 адам мен өрт сөндіру қызметінің төрт техникасы, жергілікті атқарушы органдардан екі су тасығыш жұмылдырылды» делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт сағат 1:35-те оқшауланып, 2:07-де сөндірілді.