Алматыдағы «Атакент» маңында өрт шықты (ВИДЕО)

Алматыда «Атакент» маңында өрт шықты. Куәгерлер оқиға видеосын таратып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері ведомство күштері мен техникасы Бостандық ауданы, Тимирязев, 42 мекен жайындағы өртке жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілгенін хабарлады.

«Алғашқы өрт сөндірушілер № 9 павильон жанып жатқанын анықтады. Жалынның таралу қаупі жоқ», – деді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндірудің екі учаскесі құрылды, өрт оқпандары іске қосылды, автоцистерналар батыс және шығыс жағынан гидранттарға орнатылды.

Алдын ала ақпарат бойынша павильон бос тұр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 17 бірлік техника, 50 адам жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button