«Соңғы 27 жыл ішінде Конституцияға төрт рет түзетулер енгізілді, бірақ оларды Парламент қабылдады. Енді азаматтар түзетулер үшін өздері дауыс береді», – деді Дмитрий Колода.Ал, депутат Ерлік Тайжановтың айтуынша, әрбір азамат алдағы саяси өзгерістерге өзінің қатысы бар екенін сезінуі тиіс. Айта кетсек, Қазақстандағы тамақ өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың бірі саналатын «Масло-Дел» ұжымында 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Жыл сайын мұнда 150 мың тоннадан астам өнім шығарылады. Өз кезегінде, компания қызметкерлері конституциялық өзгерістерге дауыс беруге дайын екендіктерін айтты.
Депутаттар СҚО-да кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
Депутаттар СҚО-да кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына барып, «Масло-Дел» ұжымымен кездесті. Онда депутаттар кәсіпорын қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Депутаттар ұжым қызметкерлерін референдумға белсенді қатысуға және конституциялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырды.