«Барлық карантиндік шектеу шарасы алынды» - Ажар Ғиният

Қазақстанда барлық карантиндік шектеу шарасы алынып тасталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Министр Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын жеткізді.

«Тәулігіне коронавирус инфекциясымен шамамен оншақты жағдай тіркеледі, науқастардың 98%-дан астамы сауығып кетті. Қазір елде барлық шектеу шаралары алынған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы аптада бүкіл әлемде ауру 12%-ға төмендеді»,– деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button