ІІМ бірқатар басшыны тағайындады

ІІМ бірқатар басшыны тағайындады

ІІМ бірқатар басшыны тағайындады
ашық дереккөзі
ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ, әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді. Ішкі істер министрінің бұйрығымен: – Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан; – Көліктегі Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет; – Нұр-Сұлтан қаласы ПД  «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов; – Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.