ІІМ бірқатар басшыны тағайындады
ІІМ бірқатар басшыны тағайындады
ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ, әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен:
– Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;
– Көліктегі Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;
– Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;
– Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.