Қала ішінде көкпар ойнаған алты адам қамалды

Қала ішінде көкпар ойнаған алты адам қамалды

Қала ішінде көкпар ойнаған алты адам қамалды
ашық дереккөзі
Қаскелең полициясы тұрғындардың өміріне қауіп төндірген көкпарға қатысқан алты адамды ұстады. Олар он тәулікке қамауға алынған деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Бастапқыда ойын қала сыртында өткені белгілі болды. Бірақ кейінірек қала көшелеріне көшкен. Ал ұйымдастырушы – бір жасар жиенінің құрметіне көкпар ұйымдастырған 66 жастағы зейнеткер.
«Қала тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне қауіп төндірген, сондай-ақ оларға материалдық залал келтірген алты көкпаршы ұсталды. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қозғалды. Әрқайсысына он тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылды. Сондай-ақ 614-баптың 1-бөлігі (көлікке кедергі жасау) бойынша да тіркелді» деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.