«Қазынасының бәрін көмген»: Қостанайдың қақ ортасынан жер асты жолы табылды

«Қазынасының бәрін көмген»: Қостанайдың қақ ортасынан жер асты жолы табылды

«Қазынасының бәрін көмген»: Қостанайдың қақ ортасынан жер асты жолы табылды
ашық дереккөзі
Қала орталығында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен айналысып жатқан қостанайлық экс­­каваторшы жер қазу кезінде 2,5-3 метр тереңдікте көміліп жатқан кірпіштен қаланған ескі жерасты жолын тауып алды деп хабарлады turkystan.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап. Тоннельдің биік­тігі жүрелеп отырған адам сы­ятындай ғана. Іші жартылай топыраққа толып, кірпіш қа­бырғасына ыс жабысып қалған. Куәгерлердің бірі бұрын мұнда металл құятын цех бол­ған шығар деп жорамалдаса, енді бірі Кеңес өкіметінің ал­ғашқы жылдары мұнда жыл­қы тұратын шаруашылық ғи­ма­раттары, одан кейін жөн­деу зауыты болғанын айтады. Соң­ғы жылдары бұл ашық алаң­­қай автотұрақ ретінде пай­даланылып келген. Осылайша, қала орталығынан ескі бір тарихи нысан табылып отыр. Қостанай
– 5 апрель көшесінің арғы бетінде көпес Кияткиннің үйі тұр. Саудагер Қазан төң­керісі кезінде қымбат асыл қа­зы­на­сының бәрін осы ма­ңайға кө­міпті деген аңыз бар. Дұ­рыс­тап бәрін тексеріп, қараң­дар, қайдан білесің, мүмкін табылып қалар, – деді құрылыс басына жиналған тұрғындардың бірі.
Жер астынан шыққан жол­дың нақты қашан салын­ға­нын, нендей қызмет атқар­ғанын ал­дағы уақытта мамандар зерт­­теп, анықтайды. Айта кетсек, жер асты жолы табылған жерге 19 қабатты тұр­ғын үй салынады.

Фото авторы Сергей МИРОНОВ