«Адамның емес, Алланың жазасы ауыр»: Мөлдір Әуелбекова сот процесін тоқтатты

«Адамның емес, Алланың жазасы ауыр»: Мөлдір Әуелбекова сот процесін тоқтатты

«Адамның емес, Алланың жазасы ауыр»: Мөлдір Әуелбекова сот процесін тоқтатты
ашық дереккөзі
Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында дөрекі пікір білдіріп, жеке басына тиіскен оқырманын сотқа берді деп жазды turkystan.kz. Бірақ, ол адвокаттармен кеңесе келе, өз райынан қайтқаны жайлы айтты.
«Біз, өнер адамдары, өзімізге қатысты түрлі сөздер естиміз, оқимыз. Жағымсыз жазылғаны былай тұрсын, тым ауыр сөздер айтылған жағдайда да «қойшы, қойшы» дей саламыз ғой. Ел алдында жүріп, дәл осы «қойшыға» салынып келе жатқаныма 18 жыл болыпты. Бұл жолы басқаша болсын деп шештім. Себебі, пікір білдіруші Рита ханым менің жеке басымнан бөлек, көпшілікке топырақ шашып отыр. Есесіне, мен сотқа беріп, адвокатқа жүгінгенімді білесіздер. Процесс басталып кеткен. Енді, жауабы ол әйел үшін тым ауыр болатынын естіп, көп ойландым. Күнәсін білеміз, ал тәубесін білуші Алла ғана ғой. Кешірім сұрады… Мүмкін шынымен тәубесіне келген шығар?!. Тілге тиек деген бар. Ауыздан сөз шығармас бұрын ойланған абзал. Қыз өсіріп отырсыз! Дәл сол өсіріп отырған қызыңызға немесе немереңізге менікіндей тағдыр жазылмасына кепілдігіңіз жоқ! Адамның емес, Алланың жазасы ауыр болады! Сәл ойланып сөйлейік! Рита ханымды мен кештім! Сіз кешіңіз! Алла кешсін!» деп жазды Мөлдір Әуелбекова кезекті жазбасында.