Щучинскіде өртенген базар ішінде бір адам қалып қойған

Щучинскіде өртенген базар ішінде бір адам қалып қойған

Щучинскіде өртенген базар ішінде бір адам қалып қойған
ашық дереккөзі
Щучинскіде базар өртенді. Салдарынан бір адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық ТЖД мәліметінше, бүгін, яғни 18 мамырда сағат 4:50-де Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында «Жомарт» базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты өртеніп кетті. Өртті сөндіруге 97 өрт сөндіруші жіберілді.
«Өрттің жалпы аумағы 1700 шаршы метрді шарпыған. Ал ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метр болады. 45 минут ішінде өрт сөндірушілер өртті оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеді. Осылайша, екі сағат ішінде өртті толығымен сөндірді. Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол базардың күзетшісі болуы мүмкін», - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт орнында өрт-техникалық зертханасы, полицейлер жұмыс істеп жүр.
Айта кетсек, өртті сөндіруге ТЖД-ның 97 қызметкері мен 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды.