Эквадорда 1100-ден астам адам қамауға алынды

Эквадорда 1100-ден астам адам қамауға алынды

Эквадорда 1100-ден астам адам қамауға алынды
ашық дереккөзі
30 сәуірде Эквадорда елдің үш провинциясында жарияланған төтенше жағдай кезінде 1131 адам ұсталған деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Президент Гильермо Лассоның шешімінен кейін құқық қорғау органдары 30 сәуір мен 13 мамыр аралығында Эсмеральдас, Гуаяс және Манаби провинцияларында қылмыстық топтарға қарсы операция жүргізді. Соның нәтижесінде қарақшылар пайдаланған 143 қару, 60 көлік тәркіленді. Билік қылмыспен күресті жалғастыруға бел буғандарын, операциялардың жалғасатынын мәлімдеді.