Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстанның мақтанышы, әйгілі боксшы Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы GGG командасының ресми өкілі Жанар Өтешева Instagram желісіндегі өзінің парақшасында хабарлады. 

Оның айтуынша, спортшы рекордтар кітабына нокаут пайызы ең жоғары орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде кірді. Оның нокауттарының қатынасы 91,67 пайыз. Айта кетейік, Головкин қазіргі уақытта WBA (Super), IBF, IBO және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, 36 жеңіске жеткен. 33 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button