Жаңалықтар

Атырау облысында өткен AMANAT партиясының кездесуінде референдумның маңызы талқыланды

ашық дереккөзі

Атырау облысында өткен AMANAT партиясының кездесуінде референдумның маңызы талқыланды

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Атырау облысында мұнай өндіру кәсіпорнының ұжымымен, балық шаруашылығы саласының кәсіпкерлерімен, жастармен және партия активімен бірқатар кездесу өткізді. Асхат Оралов Исатай ауданындағы мұнай өндіруші кәсіпорындардың бірінің ұжымымен кездесіп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы референдумның маңызын талқылады. Ол алдағы реформалар әрбір азаматқа қатысты екенін, сондықтан әркім референдумға қатысып, елдің одан әрі дамуына өз үлесін қосуы тиіс екенін атап өтті. «Заңдарға референдум арқылы өзгеріс енгізу биліктің ашықтығын, маңызды шешімдер қабылдаған кезде әрбір азаматтың пікірін ескеруге ниетті екенін көрсетеді. Әрбір қазақстандық өз тарапынан өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, дауыс беруге қатысуға тиіс», - деп атап өтті кездесу барысында балық өнімдерін өндіру зауытының басшысы Айгүл Әмірғалиева. Атырау қаласында Асхат Оралов «Береке» шағынауданындағы 290 орындық балабақша құрылысының барысымен танысты. Мектепке дейінгі мекеме өткен жылдың соңында пайдалануға берілуі керек еді, бірақ қаржыландырудың аздығынан құрылыс ұзаққа созылды. Бұл мәселе партиялық бақылауға алынды және балабақша жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.