«Turkistan Invest» төрағасының орынбасары сотталды

«Turkistan Invest» төрағасының орынбасары сотталды

«Turkistan Invest» төрағасының орынбасары сотталды
ашық дереккөзі
«Turkistan Invest» Инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары А.Ержанов қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан қалалық сотының үкімімен сотталушы өз жазасын орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде өтейді.
«Ол «Композит Групп Казахстан» ЖШС басшылары С.Конусов пен А.Гомаюмовты алдау жолымен 2 млн теңге иемденгені және Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына тракторларды жеткізу бойынша Мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы деп танып, пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.