Б. Кесебаева Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясына қатысты

Б. Кесебаева Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясына қатысты

Б. Кесебаева Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясына қатысты
ашық дереккөзі
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева Бакуде өтіп жатқан Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының үшінші Бас конференциясы аясында Әзербайжанның Милли Меджлисінің төрайымы Сахиба Гафаровамен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Жүздесуде бауырлас халықтар арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Б.Кесебаева дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жылдың ішінде екі ел арасында сенімді және ашық саяси диалог орнағанын атап өтті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары біздің мемлекеттегі Қазақстан Президентінің басшылығымен қолға алынып жатқан ауқымды саяси, әлеуметтік, экономикалық реформаларға тоқталып, Конституциялық өзгерістер енгізуге қатысты бастамаға айрықша назар аударды.
«Олардың барлығы Парламенттің рөлін күшейтуге, сайлау жүйесін жетілдіруге, жергілікті басқару, сот және құқық қорғау органдары жүйесін дамытуға бағытталған», – деді Б.Кесебаева.
Тараптар энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты, парламентаралық байланысты тереңдету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Б.Кесебаева Әзербайжанның Милли Меджлисі төрайымының орынбасары Адиль Алиевпен кездесу өткізді.